RU

Ақтөбеде «әйелім тастап кетті» деп масқара болған тұрғынның бетпердесі ашылды (фото)

Ақтөбеде «әйелім тастап кетті» деп елді шулатқан ер адам туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Екі баласын жетектеген ол әлеуметтік желі арқылы қиын жағдайда қалғанын айтты деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ тілшісі.

Ер адамның қиын өміріне алаңдаған ақтөбеліктер қолдарындағысын алып, көмекке тұра жүгірді. Жергілікті әкімдік тарапынан көмектесуге келген мамандар арқасында ер адамның өтірігі әшкере болған еді. Ерлан Елубаевқа жергілікті әкімдік тарапынан уақытша тұратын баспана берілген болып шықты. Ер адам жеңіл ақша табу үшін әйелім тастап кетті деп көпшілікті алдап, оңай олжалы болуды көздеген.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқын қорғау мекемесінің қызметкерлері отбасынан балаларды алып кету үшін құжат дайындамақ та болды. Сол кезде балалардың анасы құқық қорғау қызметкерлерінен кешірім сұрап, өз сәбилерімен  қауышқан болатын.

Ерлі-зайыптылардың бұдан кейінгі өмірі деп жақсы болмағанға ұқсайды. Ер адам азаматтық некеде тұратын әйелін тастап кеткен. Қазір оның басқа әйелмен тұрып жатқаны белгілі болды.

«Бұлармен бірге тұрмаймын, басқа келіншекпен тұрып жатырм ын. 2-3 күн болды кетіп қалғаныма», - дейді Ерлан Елубаев.

Ол балалардың тағдырына алаңдаған жергілікті комиссия мүшелеріне жауапкершілікті мойнына алудан үзілді кесілді бас тартты. Шешесінің атына жазылған балаларына өзінің тегін беру үшін ойланатынын айтты.

Келіншек комиссия қызметкерлеріне үш баласын үш әкеден туғанын айтты. Ол балаларының бәрін азаматтық некеде тұрған адамдардан туған.

«Сол күні жолдасыммен ұрысып қалдым. Оған «жұмыс істемейсің, табыс таппайсың» деп ұрысқан едім. Үйде жейтін тамақ болмай қалды. «Қайда барсаң да үйге жейтін тамақ әкел» деген кезде ол екі баланы алып шығып кетті. Түнге дейін келмегесін хабарластым. Адамдар көмектесіп жатыр деді. Мен сол күні түнде көпшіліктің жалдап берген пәтеріне бардым. Ол маған үйге қайта бер, маған ертең жұмыс тауып береді деген соң үйге келдім», - дейді келіншек.

Азаматтық некеде тұратын ерлі-зайыптылардың ортақ балалары 2,5 жаста. Комиссия қызметкерлері келіншекке кіші екі баласын бес күндік балабақша алатынын айтып,  жұмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.

Тағы да оқыңыздар:

Алуа Қонарова Баян Есентаеваны адам қатарына қоспайтынын айтты

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық

Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті

Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314543-aqtobede-ayelim-tastap-ketti-dep-ma.html