RU

ОҚО әкімі мектеп қабырғасында жүріп қапшықтап мақта терген кезін есіне алды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мақта терген жылдарын есіне түсірді. Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ  тілшісі хабарлайды.

Аймақ басшысы ақ алтынның отаны Мақтаарал ауданына жасаған сапарында қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына барды. Аталған институт ғалымдары бүгінгі таңға дейін 30-дан астам инновациялық технологиялар жасап шығарған.

Ғалымдардың бұл жетістігін тыңдаған облыс әкімі олардың жұмыстарын оң бағалады. Мұнан соң Түймебаев институт ауласында мақта алқабына барып, жастық шағындағы естеліктерімен бөлісті. Тіпті өзі мақтаны қалай тергенін де айтып берді.

«8,9,10 сыныптарға дейін мақта тергенмін. Қатарластарымнан озып та кетпегенмін, орташа көрсеткіш қой. Бір қаптың өзі 8-9 ғана келі болады. Өте жеңіл. Оны теру оңай емес. Тергендер біледі ғой (күліп). «Қос мақтаның» символын білесіз бе? Оны біздің кезімізде қыздарға сыйлайтын», - деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, ауданға жасаған сапарында әкімдік қызметкерлерімен кездескен облыс әкімі бірқатар кемшіліктерді жайып салды.

Мәселен, Мақтааралда жыл басынан бері 38 мектеп жасындағы қыз жүкті болып, 5 жасөспірім суицидке барыпты.

303 мың халқы бар Мақтааралда қылмыс 16,4 пайызға көбейіп кеткен. Сонымен қатар облыс әкімі ауданда Тәуелсіздіктің 25 жылдыққа дайындығы мүлдем сезілмейтінін айтып, жергілікті әкімді сынап алды.

Тағы да оқыңыздар:

Алуа Қонарова Баян Есентаеваны адам қатарына қоспайтынын айтты

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық

Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті

Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314570-oqo-akimi-mektep-qabyrghasynda-zhurip-q.html