RU

Семейдегі қалың қардың биіктігі 30 сантиметрге дейін жеткен

Семейде ауа райы құбылмалы болып тұр. Біресе қар жауып, боран соқса, аракідік жаңбыр жауып, арты көктайғаққа ұласуда.

Осының салдарынан семейліктер қатты зардап шегіп, денесін зақымдап алушылар саны артып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Семейде қардың қалыңдығы кей жерлерде 30 сантиметрге дейін жеткен. Облыста жол апаты жиілеп, соңғы 2 күнде 69 оқиға тіркелді.

Сонымен қатар, қалада көктайғақтан зардап шеккендер саны бір аптада едәуір артқан. Мәселен, күніне дәрігерлер көмегіне 30-40 адам жүгінсе, қазір 70-80 жеткен.

Травматолог мамандардың айтуынша, науқастардың басым бөлігі аяқ-қол сүйектерін сындырып алғандар, жамбас пен омыртқаларын зақымдап алғандар екен.

Тағы да оқыңыздар:

Төлешовтің меншігіндегі зауыт Ахметжан Есімовтің күйеу баласына өтіп кетті

Алуа Қонарова Баян Есентаеваны адам қатарына қоспайтынын айтты

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық

Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті

Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314576-semeydegi-qalynh-qardynh-biiktigi-30-sant.html