RU

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Ал республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с, оңтүстікте екпіні 30 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Түнде кей жерлерде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерінде түнде тұман, жел 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел түнде 15-20, күндіз 22-23, екпіні 30 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыздар:

Төлешовтің меншігіндегі зауыт Ахметжан Есімовтің күйеу баласына өтіп кетті

Алуа Қонарова Баян Есентаеваны адам қатарына қоспайтынын айтты

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Серік Абас-Шах: Тележүргізушілер эфирге емес, эфирдегі өз бейнесіне өлердей ғашық

Дәурен Абаев: Министрлердің "тұмшаланып" жүретін уақыты өтіп кетті

Шымкенттегі қазақтарға ет асуды ирандықтар үйрете бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314677-elimizdinh-basym-boliginde-koktayghaq.html