RU

Әкесінен үлкен ер адамға тұрмысқа шыққан бойжеткен бақытты өмірімен мақтанды (фото)

25 жастағы Натали 53 жастағы Криске тұрмысқа шыққаннан кейін шексіз бақытты екеніне сендіруде. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен-кеткендер қыздың күйеуін оның атасы деп ойлап қалады. Дегенмен бойжеткен өмірлік махаббатын тапқанын алға тартып, ондай жайттарға еш мән бермейтінін айтуда.

23 жасында 51 жастағы Кристі жолықтырған Натали оған ғашық болып қалады. Ұлыбританиядағы пәтерде көршілес тұратын азамат онымен жиі ұшырасатын. Пәтердің дәлізінде әңгімелері жарасқанын сезген Крис Наталиді бір шыны кофе ішуге шақырады. Осылайша қарым-қатынастары басталып кеткен жұп ақыры некелесуге бел буған.

Қызы өзінен 28 жасқа үлкен ер адамды ұнатқанын білген анасы бұл некеге бірден қарсы болады. Ал 50 жастағы әкесі бойжеткеннің некесіне қуанып, батасын берген.

"Бүгінде анам бұл шешіміме көндіккен. Біз бірге отбасылық мейрамдарды өткіземіз... Мен Криспен өте бақыттымын. Ол - менің өмірлік махаббатым және мұны ештеңе өзгертпейді", - дейді Натали.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)

Ақтөбеде әлеуметтік желіде террор туралы ән салған жігіт құрықталды

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Денис Тен Париждегі жарыста күміс алды

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314767-akesinen-ulken-er-adamgha-turmysqa-shyq.html