RU

Ағылшынша бір ауыз сөз білмей шетелге шыққан қазақстандық АҚШ-та беделді жұмысқа орналасты

Қазақстанда дүниеге келген Қайсар Сәулебаевтың АҚШ-та тұрып жатқанына бес жыл болды. Ол ағылшынша бір сөз білмейтініне қарамастан, шетелге көшіп кеткеніне еш өкінбейді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Гринкарта жеңіп алған азамат АҚШ-қа ағылшын тілін мүлде білмей барғанын жасырмайды. Бүгінде Қайсардың екі баласы бар, отбасымен АҚШ-та бақытты өмір сүруде. Ол қалай жетістікке жеткенін сұхбат барысында айтып берді.

- Қайсар, сіз АҚШ-қа қалай тап болдыңыз?

- Әйелім гринкартаға мені тіркеп, бірінші ретінен-ақ мен оны ұтып алдым. Барғым келмеген, алайда әйелім көндірді.

- АҚШ-қа тез үйренісе алдыңыз ба?

- Үйренуім ауырға соқты: тағамынан бастап, менталитетіне дейін мен үшін жат еді. Құндылықтардың әр түрлі болуы, ал кей кездері, тіпті мүлде болмауы мені таң қалдыратын. Мен ағылшынша бір ауыз сөз білмегендіктен, тіпті азық-түлік сатып алудан да қиналатынмын. Жарты жылым күйзеліспен өтті. Осы уақытта маған қолдау көрсетіп отырған әйеліме рақмет.

- АҚШ-та азиялықтарға қалай қарайды?

-  Бұл жерде эмигранттар өте көп. Сол себепті ешқандай жаман қарым-қатынасты сезінген емеспін.

- Ал полицейлері азиялықтарға қалай қарайды?

- Полиция тек заң бұзғандарға ғана қатал. Ал ұлтқа қарай олар алалаған емес.

- Жұмысқа қалай тұра алдыңыз?

- Әйелімізбен бірге келдік. Осында екі ұлым  - Әзім мен Аман Әлім дүниеге келді. Менің жарым Әйгерім - өте мықты адам, ол маған күш беріп отырды. Ол ағылшын тілін жетік меңгерген, сол себепті аса қиналмады.

- АҚШ-та кім болып қызмет етесіз?

- Мен - клиникада медициналық құжаттар ісі бойынша департамент директорымын. Міндеттерім өте көп.

- Көшкеніңізге өкінбейсіз бе?

- Өкінбеймін. Бұл мен үшін үлкен тәжірбие. Әзірге алға қойған жоспарларымды біртіндеп орындап жатырмын.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)

Ақтөбеде әлеуметтік желіде террор туралы ән салған жігіт құрықталды

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Денис Тен Париждегі жарыста күміс алды

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314794-aghylshynsha-bir-auyz-soz-bilmey-shetelge.html