RU

Almaty Towers-тегі өрт ісі бойынша батут орталығының директоры құрықталды

12 қараша күні Алматыда "Батут орталығы" ЖШС директоры Дәурен Тұяқов Almaty Towers-тегі өрттің ісі бойынша құрықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Батут орталығы" ЖШС директоры 1983 жылғы Дәурен Тұяқов "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуы" бабы бойынша күдікті деп танылып, уақтыша оқшаулағышқа қамалды.

Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру және белгілі бір қызметтен үш жылға дейін аластату жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Дәурен Тұяқов "Батут орталығы" қаза болғандардың жерлеуін өткізуге көмектесіп, зардап шегушілерге өтемақы төлейтінін мәлімдеген болатын.

Еске салсақ, 6 қараша күні Almaty Towers бизнес орталығы өртке оранып, салдарынан алты адам қаза болған. Олардың дені - сағатына 500 теңгеге жұмыс істеп жүрген студенттер болып шықты.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)

Ақтөбеде әлеуметтік желіде террор туралы ән салған жігіт құрықталды

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Денис Тен Париждегі жарыста күміс алды

Алматыдағы сауда үйінде қыз-жігіттер жұрттың көзінше шешініп тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1314840-almaty-towers-tegi-orttinh-isi-boyynsha-batut-ortal.html