RU

Екінші әйел алуға күйеуін көндірген келіншек тоқалымен бірге бақытты өмір сүруде (+18)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Екінші әйел алуға күйеуін көндірген келіншек тоқалымен бірге бір отбасы болып бақытты өмір сүруде. Оғаш отбасы төсекте де бірге жататынын жасырмайды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та тұратын отбасының оғаш жағдайда болуына әйелдің өзі себепкер болған. 27 жастағы ДиАнна Ривас 28 жастағы күйеуі Мэнниге көңілдесі барын жайып салады.

Алайда көңілдесі әдеттегідей ер адам емес, Мелисса Джеймс есімді 20 жастағы бойжеткен екенін алға тартқан ол, күйеуіне көңілдесін тоқал ретінде қабылдауды өтінеді.

Бұл ұсынысқа ер адам төрт жыл дегенде әзер көнген. Бір қызығы, бұл отбасы өздерін бақытты сезінетін көрінеді, тіпті олардың балалары да көңілдес әйелді екінші ана ретінде жылы қабылдаған.

Мэнии Мелиссаны көргенде, оны ұнатып қалғанын жасырмайды. Төсек қатынасында да бірге болатын үш ғашық шексіз бақытты екендерін айтуда.

Ер адамның бірінші әйелі жұмыс істесе, екіншісі бала тәрбиесін өз мойнына алған. Олардың жеті жасар Ванесса есімді қызы мен төрт жасар Гэбриел есімді ұлы бар. Балалар Мелиссаға бауыр басып қалғаны соншалық, оны да анасы атап кеткен.

Оғаш отбасы бұл жайтқа түсіністікпен қарайтын ең жақын туыстарының арасында той өткізуді жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыздар:

ШҚО-да сегіз жасар қыз баланың өліміне қатысты күдіктінің фотосы жария етілді (фото)

Almaty Towers-тегі өрт ісі бойынша батут орталығының директоры құрықталды

Ағылшынша бір ауыз сөз білмей шетелге шыққан қазақстандық АҚШ-та беделді жұмысқа орналасты

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен тұман болады

Назарбаев 23 жыл бұрын төл теңгемізді қазақстандықтарға қалай таныстырды?

Денис Тен Париждегі жарыста күміс алды

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екінші әйел алуға күйеуін көндірген келіншек тоқалымен бірге бақытты өмір сүруде (+18)
Mailfire view pixel