RU

Шымкенттік қарақшылар тура кинодағыдай шабуыл жасады

Шымкентте ұрылар қасақана "Ауди" көлігіне соқтығысып, ондағы отырғандардан барлық қаражатын тартып алған. 10 млн теңгені қолды қылған олар, бірден ізін суытты. Бұл туралы "ТВК" арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Тонау шамамен сағат 20:00-де Сеченов көшесінде болған. Алдын ала болжам бойынша, тоналғандар - сауда компаниясының қызметкерлері. Сол себепті олардың қолында қомақты қаражат болған.

Ұрылардың шабуылынан жарақат алғандар жоқ. Белгілі болғандай, "Ауди" көлігіне "Лада-Приора" көлігі соқтығысқан. Көлікке айтарлықтай зақым келмеген. Дегенмен көлік жүргізушісі тоқтап қалады. Сол сәтте "Лададан" бір топ жігіт шығып, қоқан-лоққымен барлық ақшаларын сыпырып кеткен.

Ұрылардың бірі қару кезеген көрінеді. Көлікте азық-түліктік қоспалармен айналысатын компанияның қызметкерлері болған. Қылмыскерлер сауда өкілдерін аңдып жүріп тонады деген болжам бар.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315316-shymkenttik-qaraqshylar-tura-kinodaghy.html