RU

Әсет Исекешев биыл салық төлеуді мүлде ұмытып кеткен

Астана әкімі Әсет Исекешев өмірінде алғаш рет салық төлеуді ұмытып кеткенін мойындады. Бұл туралы қала басшысы  Facebook-тегі  парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Әр азамат салық төлеуге міндетті деп санаймын. Министрсің бе, әкімсің бе, дәрігер немесе металлургсің бе, маңызды емес. Бәрі тең. Бұл мемлекеттің экономикалық негізі, зейнетақы, жәрдемақы, жолдар, мектептер мен ауруханалардың құрылысы. Өкінішке қарай, биыл өмірімде алғаш рет мүлік салығын төлеуді ұмытып кеттім. Жұмыс кестем өте тығыз еді. Бірақ қазір мұның маңызы жоқ. Кеше бірден қарызымды төледім. Қырағылық пен қызықты карикатура үшін БАҚ-қа рақмет. Салықты уақытында төлеңіздер!»,- деп жазған Исекешев.

Айта кетсек, елордалық әкім 58 655 теңге салығын төлемеген.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Екі айлығында сөйлеп кеткен нәресте көпшілік назарына ілікті (видео)

Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты (фото)

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315317-aset-isekeshev-biyl-salyq-toleudi-muld.html