RU

Нигерияда алып жыланның ішінен жүздеген жұмыртқа шықты (фото)

Нигериялық елдімекен тұрғындары ауыл шетіне жақын келген алып жыланның куәсі болды. Жыланның бауыры бірдеңе жұтып алғандай бұлтиып шығып тұрған.

Фермерлер оны бұзау немесе қойды бүтіндей жұтып алған екен деп, мылтықпен атып түсірді.

Бұл иероглифті алып питон болатын. Олардың салмағы 100 келі, ал ұзындығы алты мерге жетеді.

Бұл жыландар өте агрессивті болып келеді, тіпті 2002 жылы 10 жасар баланы жұтып қойған кезі де болған.

Жыланның қарынын жарған тұрғындар оның ішінен көптеген жұмыртқаны көрген. Сөйтсе, бұл питон айы-күні жетіп ұрпақ әкелуге дайындалып жүрген екен.

Бұл жайт жергілікті жұртты қуантып тастады. Себебі, бұл жақта жыланның жұмыртқасы таптырмас тағам болып есептеледі.

Фермерлер жыланды жарып жатқан суретті әлеуметтік желіге салып, мақтанғысы келген. Алайда, ел арасында бұл үлкен дау туғызды. Жануарларды қорғаушылар жыланға жаны ашыса, қалғандары жауыз жыланның бір басқа болса да азайғанына қуанған.

Тағы оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Екі айлығында сөйлеп кеткен нәресте көпшілік назарына ілікті (видео)

Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты (фото)

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Шымкенттік қарақшылар тура кинодағыдай шабуыл жасады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315344-nigeriyada-alyp-zhylannynh-ishinen-zhuzde.html