RU

Астанада марғауларын құтқару үшін ыстық су кешкен мысық ауыр халде жатыр (фото)

Астанада марғауларын құтқару үшін ыстық суды кешкен мысық ауыр халде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Instagram желісінің club_dobryakov_astany парақшасында тұрғындардың бірі мәлімдеді.

"Апатты жағдай болды (ыстық су құбыры жарылды). Бөтеннің марғауларын құтқарған мысық ыстық суды кешіп жүріп, 4 марғауды аман алып қалды. Мұны жұмыскерлер көріп тұрған. Неге көмектеспегенін білмедім... Мысықтың жағдайы ауыр. Екі күн бойы тұрғындар тамақ беріп, көмектесуге тырысты. Ол болса жарасын жалап, орнынан тұра алмай жата берді", - деп жазады тұрғын.

Бұл жайтты естіген еріктілердің бірі Елена бірден мысықты алып кетіп, медициналық көмек көрсеткен.

"Мысық Зоолюкстің стационарлы емін қабылдауда. Біз мысықты аяқтан тұрғызу үшін қаржылай көмекке мұқтажбыз. Ұзақ емге қаражат керек. Көмек көрсетем деушілер қаражатты Зоолюкс клиникасына бере алады немесе еріктінің жеке шотына аудара алады: 5355 4100 0020 4074 Сбербанк картасы, киви-әмиян 87017402107, 87013608792", - деп сөзін аяқтады тұрғын.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315352-astanada-marghaularyn-qutqaru-ushin-ys.html