RU

Жас жігіт 38 жастағы 11 баланың анасына ессіз ғашық болып қалды

Ресейде 23 жастағы Евгений есімді азамат 38 жастағы 11 баланың анасы Татьянаға үйленді. Қос ғашық дүркіретіп той өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Татьяна алғашқы күйеуі Фамильмен үлкен отбасын құруды армандайды. Алайда алтыншы баласынан кейін бірден үшемді дүниеге әкелген әйел қиындықтарға тап болады. Күйеуі ішкілікке салынып, Татьянаға қол көтеруді шығарған. Бұған төзуді жөн санамаған келіншек онымен ажырасып кетеді.

"Жалғыз ғана өмірім бар. Балаларым мені ұрғанын қарап өсуі керек пе? Біздің ажырасуымызды қолға алған судья менің онымен оңайлықпен ажырасып кететініме күмәнмен қарады. Егер әйел жақсы ана болса, балаларын аш қалдырмайды. Ол бар күшін салса да, балаларын аяқтан тұрғызады", - дейді Татьяна.

Бір жылдан кейін аспазшы қызметіне орналасқан келіншек Евегниймен танысып, көңіл жарастырады. Өзінен 15 жас кіші жігіт ғашық болғаны соншалық, әйелдің 11 баласы барынан да сескене қоймаған.

Евегений Татьянаға ұсыныс жасағанда, ол бірден келіспеді. Әйелдің келісім беруіне оның 11 баласы әсер еткен. Олар Евгенийге тез бауыр басып қалған.

11 баланы аяқтан тұрғызуды көздейтін ерлі-зайыптылар әзірге тағы да ортақ бала сүю жағын ойланған емес.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (видео)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315410-zhas-zhigit-38-zhastaghy-11-balanynh-anasyna-es.html