RU

Қызылордада заманауи мектептердің табыс құпиялары талқыланды

11 қазанда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинова, білім-ғылым саласының әдіскерлері мен мамандарының қатысуымен «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - табысты мектепке қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

"2016 жылы инновациялық мектептердің ағылшын тілі және информатика пәндері мұғалімдерінің біліктіліктерін жетілдіруге 124 млн. теңге бөлініп, 500-ге жуық ұстаз арнайы оқудан өтті. Педагог мамандардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, мектептердің материалдық техникалық базасы да жаңаруда",- деді аймақ басшысы.

"Озат тәжірибені, заманауи оқыту әдістері мен технологияларын облыста тарату үшін педагогикалық шеберлік орталығының 30 жетекші мектебі, оның ішінде 22 инновациялық және бастауыш мектеп, оқу бағдарламаларының жаңа стандартын сынамалау жүргізілетін 2 пилоттық мектеп анықталды. Жетекші мектептерге 242 магниттік мектеп қосылды. Педагогикалық шеберлік орталығы ауылдық мектептерге әдістемелік керуен ұйымдастырды",- деді Күләш Шамшидинова.

Қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның оқыту процестерін негізге ала отырып, әлеуметтік маңызы бар жаңа жобаларды жүзеге асыру тәжірибелерімен бөлісті.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315425-qyzylordada-zamanaui-mektepterdinh-t.html