RU

Рамзан Қадыровқа 10 бала сыйлаған жұбайы туралы не білеміз?

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ресейлік ғаламторда жиі аты аталатын блогер. Ал оның жан жары туралы не білеміз? NUR.KZ порталы көпшілікке көп шыға бермейтін Шешен республикасының бірінші ханымы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Қадыров 1978 жылы туған өзінің ауылдасы Медни Мұсақызымен отасқан. Олар бір-бірін мектеп кезінен таниды.

Бұл жаңа жылды тойлау кезінде түскен суреттері. Қадыров мырза Instagram – ға жиі фото жүктеп тұрады. Ерлі-зайыптылар 10 бала тәрбиелеп отыр. Олар 2007 жылы балалар үйінен екі ұл асырап алды.

Медни Қадырова үлкен қыздарымен бірге.

Медни - модельер. 2009 жылы ол Грозныйда мұсылмандық көйлек тігетін «Firdaws» сән үйін ашты.

Шешенстанның бірінші ханымы негізін қалаған сән үйі Таяу шығыстағы сән әлемін бағындыруға талпынған.

Ол «Шешенстан аруы» атты киімдер коллекциясын Біріккен араб әмірліктерінде көпшілік назарына ұсынды. Алайда, араб сәнгерлері одан плагиатты байқап қойып, Меднимен келісімге келуден бас тартты. Қазір бұл киімдер Грозный сауда орындарына сатылымда.

Ислам шариғаты бойынша мұсылманға төрт әйелге дейін алуына рұқсат етілгендіктен, бұқаралық ақпарат құралдары Рамзан Қадыровтан екінші әйел алу жөнінде сұрақтарын жиі қойып тұрады. «Мен үйленсем, менің әйелімнен де сұлу аруға үйленер едім. Ал одан әдемісін мен әлі кездестірмедім. Егер ондай әйел тапсаңдар, маған қоңырау шалыңдар, мен жетіп келемін», - деп жауап берген еді Рамзан Қадыров бір сұхбатында.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315428-ramzan-qadyrovqa-10-bala-syylaghan-zhubay.html