RU

Исекешев Астанадағы кептеліс үшін Сағынтаевтан сөз естіді

Үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртiбiндегi мәселелерге көшпес бұрын, елорда әкімі Әсет Исекешевтен Астана көшелерiн қардан тазалау жұмыстары қалай жүрiп жатқанын сұрады деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгiн таңертең жұрттың бәрi жауған қарға байланысты жұмысқа кешiгiп келiп жатыр. Бiздiң де отырысымыз кеш өтуде. Бүкiл қала тұрып қалды. Ешқандай дайындық болмаған секiлдi. Жағдай қазiр қалай?», - деп сұрады үкiмет басшысы Астана әкiмi Әсет Исекешевтен.

Қала әкiмi өз сөзiнде қар тазалау жұмыстары түнi бойы жүргiзiлгенiн айтты.

«Шын мәнiнде, бүгiн ауа райы күрт өзгердi. Бiз дайындалдық. Түнi бойы сағат екiден бастап қар тазалау жұмыстары жүрдi. Негiзiнен, қазiр жолдар таза. Қар көп түскендiктен, қалада үлкен көлiк кептелiсi орын алды. Барлығы реттеледi», - дедi ол.

«Әсет Өрентайұлы, бұл сiздiң әкiм ретiнде қарсы алып отырған алғашқы қыс, алғашқы сынақ. Бұл жағдайдан абыройлы шығуыңызға тiлектеспiз», - дедi Сағынтаев.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (видео)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315486-isekeshev-astanadaghy-keptelis-ushin-sa.html