RU

12 жыл комада болған ер адам жантүршігерлік жайттарды баяндады

Мартин Писториус есімді азамат 12 жыл бойы өз денесінде қамақта жатты десек болады. Оның жанындағы адамдар Мартинді есін білмейді, естімейді я көрмейді деп есептеген. Араға бірнеше жыл салып, Мартин бәріне жағдайдың шын мәнінде басқаша болғанын баяндауға шамасы жетті.

Мартин бәрін естіп, көріп-біліп жатты, бірақ оны айналасындағыларға белгі беріп білдіре алмады. Тіпті саусағының ұшын қимылдата алған жоқ. Ал қазір Мартинге қарап, оның басынан осындай жағдай өтті деп айтуға аузың бармайды.

Ол он екі жасына дейін сап-сау бала болатын.

Мартин Оңтүстік Африкада туып өскен. Бір күні мектептен келген ол өзін нашар сезінген. Мартиннің жағдайы мүшкілденіп, сөйлей алмай, бұлшықеті әлсіреп, қозғала алмайтындай жағдайға жеткен.

Дәрігерлер оны дегенеративті ауру деп ойлап, ата-анасына Мартиннің жағдайы туралы «ол сыртқы әлеммен байланысын мүлде үзді, ол ештеңені қабылдамайды, айналасында не болып жатқанынан хабарсыз» деп түсіндірген.

Алайда, олар қателесіпті. Мартиннің айтуынша, ол 12 жыл бойы бәрін ұғып жатқан. Алайда оны тірі жан білмепті. Ал бүгінгі таңда Мартин компьютер арқылы адамдармен тілдесе алады. Оның пернетақтаға жазған сөздері автоматты түрде дыбысталады.

Ол бір күні анасының шарасыздықтан айтқан «осылай жатқанша неге өліп кетпеді екен» деген сөзін де естіген.

«Оның бәрін естіп жатқанын білмедім ғой. Олай ойлағаныма қатты өкінемін», - дейді Мартиннің анасы.

Мартиннің айтуынша, мұндай сөздерді есту оған ауыр тиіпті.  Бірақ анасының осындай сөздерді неліктен айтқанын түсінеді екен. Мартин қалпына келу үшін көп күш жұмсапты. 2008 жылы ол әпкесінің құрбысымен танысып, 2009 жылы үйленді.

Мартин адамдарды бір-біріне жылы сөздер айтып, мейірім танытуға шақырады.

Тағы да оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (видео)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

Қостанайдың ең сұлу аруы кім? (фото)

Қазақстандық футболшы "Алматы аруына" үйленді (фото)

Қыз-жігіттер жұрттың көзінше неге шешінді, Төлешовтің меншігіндегі зауыт кімнің қолына өтіп кетті?

Аша Матай қызына екі кіндік шеше таңдап, жұртты таң қалдырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315564-12-zhyl-komada-bolghan-er-adam-zhanturshiger.html