RU

Алматылық бойжеткен өзіне қол салмақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды (видео)

Алматылық бойжеткен көпірден секіріп өлмек болған бейтаныс жігітті өлімнен арашалап қалды. Оқиға бүгін 14 қарашада сағат таңғы 4-тер шамасында болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Болған жайт туралы бойжеткен өзінің Facebook парақшасында жазып, оқиғаның видеосын жария еткен.

Кадрдан бейтаныс жігіттің көпірдің үстінде отырғаны көрінеді.

Ал кадрда естіліп жатқан әйел адамның дауыс жігіттен өзіне қол салмауын жалынып, өзімен сөйлесуге шақырады. Бойжеткен өмір тамаша екенін, жас жігітке сымбатты әрі жас екенін, сондықтан барлығы әлі алда екенін айтып, сендіреді. 

«Мен қасымнан өтіп жатқан көліктерге қолымды сермеп оларды көмекке шақырғанша, мен онымен сөйлесумен болдым. Мен бұндай жағдайда не айтып, өзімді қалай ұстау керектігін білмедім. Мүмкін ол райынан қайтар деген ниетпен онымен сөйлесе беруге тырыстым", - деп болған оқиағын баяндады алматылық қыз. 

Бойжеткеннің айтуынша, оған дәл сол сәтте уақыт тоқтап қалғандай көрінген. 

«Ол алдыға қарай батыл қадам жасай берді. Мен оның шалбарынан ұстап, бар күшіммен артқа тарттым. Сол сәтте басқа да ұлдар жүгіріп келіп, оның қолынан ұстап алды. Ол сытылып шығу үшін әлгі жігіттермен төбелесе бастады. Тағы да екі адам жүгіріп келіп, оны күшпен көлікке отырғызып алып кетті", - деп жазды құтқарып қалған бойжеткен. 

Бойжеткен сол сәтте қатты қорқынышты болғанын мойындады.

" Өмір кез келген сәтте үзіліп кетуі мүмкін, сондықтан оны бағалау керек. Ал ол жоғалтар ештеңесі жоқ екенін айтты. Мен болсам көпірдің астынан өтіп бара жатқам", - деп түсіндірді видео авторы.

Ол видеоны желіге адамдар бір сәтке болса да, ойлансың деген мақсатпен салған.

"Жас әрі дені сау жастар тығырықтан шыға алмағаны үшін көпірден секірмеу керек", - деп қосты алматылық бойжеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Шымкентте 50 жастағы жездесінен балалы болған қыз бар сырын ақтарды (видео, фото)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

12 жыл комада болған ер адам жантүршігерлік жайттарды баяндады

Рамзан Қадыровқа 10 бала сыйлаған жұбайы туралы не білеміз?

Жас жігіт 38 жастағы 11 баланың анасына ессіз ғашық болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1315788-almatylyq-boyzhetken-kopirden-sekiri.html