RU

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Қарашаның 12 күні «Кел де ал» акциясысын өткізіп, қоғам наразылығына іліккен Алматы қаласындағы "АДК" сауда орталығының әкімшілігі халықтан ресми түрде кешірім сұрады  деп хабарлайды Қамшы порталы.

"Азаматтардың жағымсыз пікірлерін назарға ала отырып, 2016 жылғы 14 қарашадан бастап «АДК» ойын-сауық сауда кешеніндегі «Квартирная закупка» шарасы шеңберінде ұйымдастырылған «Кел де ал» акциясы тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Осы акцияны қорлау деп ойлаған барлық азаматтардан кешірім сұраймыз! Сонымен қатар, «АДК» ойын-сауық сауда кешені қоғамымызда қалыптасқан моралдық және адамгершілік қағидаларын толығымен қолдайтынын мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 12 қараша "Кел де ал" акциясы өтіп, онда жалаңаштанған адамдар үшін 5000 теңге жеңілдік қарастырылған. Бұл акция қоғамды дүрліктіріп, жұртшылық наразылығын тудырған болатын.

Тағы да оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Шымкентте 50 жастағы жездесінен балалы болған қыз бар сырын ақтарды (видео, фото)

Еліміздегі ер адамдар жалақысын әйеліне сеніп тапсырудан қорқатын болып шықты

12 жыл комада болған ер адам жантүршігерлік жайттарды баяндады

Рамзан Қадыровқа 10 бала сыйлаған жұбайы туралы не білеміз?

Жас жігіт 38 жастағы 11 баланың анасына ессіз ғашық болып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316043-tamaq-ushin-zhastardy-zhalanhashtandyrgha.html