RU

2017 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болады?

Білім және ғылым министрлігі 2017 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болатынын хабардар етті деп хабарлайды korrespondent.kz.

«Мектептегі қорытынды аттестацияда төрт міндетті пән мен бір таңдау пәні болады. Міндетті пәндерді орыс немесе қазақ тілінде тапсырады және әдебиеттен эссе формасында тапсырады, ал Қазақстан тарихы ауызша емтихан ретінде, математикадан – бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі бойынша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу – орыс мектептерінде және орыс тілінен тестілеу – қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде білім алғандар үшін). Таңдау пәні де тестілеу бойынша тапсырылады – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шетел тілі», – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Аталмыш ведомствоның Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмет-Зәкидің айтуынша, жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсушілерге ҰБТ-ны тапсырудың жаңа форматы үш міндетті пәнді қарастырады: математикалық сауат, сауатты оқу және Қазақстан тарихы, 20 сұрақтан тұратын емтихан және 30 сұрақтан екі бейінді пән болады. Тестілеудің жалпы уақыты – 210 минут. Министрлік сұрақтардың санын арттырғанымен, шектік балды 50 деңгейінде қалдырып отыр.

«Сауатты оқу – бұл төрт мәтін, оның әрқайсысы бойынша бес балдан беріледі, олар жалпы тақырыпта болады, талапкер оны оқып, сараптама жасап, мәтіндік сұрақтарға байланысты мәтінде келтірілген жағдайға қатысты жауап беруі тиіс. Жалпы бұл SIT (System Integration Test – Авт.) жүйесінен алынған. Бұл емтихан арқылы жағдайға сыни көзқараспен қарау, сараптама жасай алуын тексеруге бағытталған», – деді Дархан Ахмет-Заки.

«ЖОО-ға түсушілерге арналған сынақ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, тестілеуге қатысуға өтінім 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады екен. Сондай-ақ, шектік деңгейге балы жетпеген түлектер ҰБТ-ны тамызда немесе келесі жылдың қаңтарында қайта тапсыра алады», - деді БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Осыған дейін министрлік өкілдері 2017 жылғы түлектерге ҰБТ-ның екіге бөлінетінін жариялаған болатын. Олар: мектептердегі мемлекеттік емтихан форматындағы қорытынды аттестация және таңдалған мамандыққа байланысты 14 пәннен екі бейінді пәні бойынша ҰБТ.

Айта кетейік, ҰБТ енгізілгелі 13 жылдан бері оған 1,5 миллион бала қатысқан.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Бүркіт пен Аиша хан сарайындай үш қабатты зәулім үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Семейде қатты боранға байланысты оқушылардың сабағы тоқтатылды

Еліміздің дзюдошылары халықаралық турнирде 10 медаль алды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Алматылық бойжеткен өзіне қол салмақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды (видео)

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316070-2017-zhyly-ubt-da-qanday-ozgerister-bolady.html