RU

Шымкентте футболшылар тәтті тортқа қарық болды (фото)

Шымкентте жарысқа келген жас футболшылар тәтті тортқа қарық болды. Мұнан соң олар армандарын айтып, әуе шарларын көкке ұшырды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Шымкентте қалалық мәслихатының жүлдесіне арналған балалар арасындағы футболдан халықаралық турнир өтті. Оған 26 команда қатысты. Турнирге қатысушылар бес күн бойы өзара сынға түсті.

Қазылар алқасының шешімімен алаң иелері жеңіске жетіп, марапатқа ие болды. Турнирдің өзге де қатысушылары сыйлықсыз қалмады. Тәтті торттан дәм татып, армандары жазылған ауа шарларды көке ұшырды. Көбі келер жылдың тура осы уақытында тағы да Шымкентте бас қосып, өнер көрсетуді тілек етті.

«Биыл турнирге қатысушы команда саны жағынан рекорд орын алды. Бір ғана Өзбекстаннан төрт команда қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Турнирді ерекше аяқтауды жөн санадық. Қанша дегенмен балалар ғой. Тәтті торт беруді ойладық. Сонымен қатар балалар алғаш рет аспанға шар жіберіп, армандарын айтты», -деді ОҚО футбол мектебінің директоры, Шымкент қалалық мәслиxатының депутаты Ермек Дәрменов.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Бүркіт пен Аиша хан сарайындай үш қабатты зәулім үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Семейде қатты боранға байланысты оқушылардың сабағы тоқтатылды

Еліміздің дзюдошылары халықаралық турнирде 10 медаль алды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Алматылық бойжеткен өзіне қол салмақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды (видео)

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316125-shymkentte-futbolshylar-tatti-tortqa-q.html