RU

Павлодарлық боксшы қыз ауыр соққысымен ресейліктерді таң қалдырды

Ең жылдам боксшы қыз Эвника Садвакасова өз жасына қарамастан, Youtube жұлдызына айналды деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

Павлодар тумасы Ресейдің Бірінші арнасында басталған «Ең үздік» телебағдарламасының кейіпкері атанды. Тоғыз жастағы қыз 30 секундта 206 соққы жасай алады.

Шоу жүргізушісі Максим Галкин жас спортшыға өз рекордын жаңартуды ұсынды және аңызға айналған Николай Валуевті көмекке шақырды. Жаңа рекорд орнатпастан бұрын жүргізуші Эвника жайлы бейнероликті көруге кеңес берді.

«Мен бұл роликті бұрын да көргенмін, менің ойымша барлық боксшы, Олимпиада чемпиондары да, әлем чемпиондары да көрді және таңдай қақты, барлығы оның жылдамдығына және соққысының дәл тигеніне тәнті болуда», — деді Валуев.

Танымал боксшы 30 секундта 206 соққының өте көп екенін растады. Нәтижесінде, Эвника телешоуда 30 секундта 221 соққы жасап, өз рекордын жаңартты. Эвника өскенде танымал боксшы болғысы келетінін айтты.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Бүркіт пен Аиша хан сарайындай үш қабатты зәулім үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Семейде қатты боранға байланысты оқушылардың сабағы тоқтатылды

Еліміздің дзюдошылары халықаралық турнирде 10 медаль алды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Алматылық бойжеткен өзіне қол салмақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды (видео)

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316201-aty-anhyzgha-aynalghan-boksshy-pavlodarl.html