RU

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қазір сенат депутаты болып отырған Нұртай Әбіқаевтың есімі бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жылы сирек айтылса да, оның ұлдары ара-тұра бұқаралық ақпарат құралдарында төбе көрсетіп тұрады.

NUR.KZ порталы ғаламтордағы ашық ақпарат көздерінен саясаткердің балалары жайында мәлімет іздеп көрді.

Сонымен, Нұртай Әбіқайұлы мен оның жұбайы Римма Филипповна екі ұл, бір қыздың ата-анасы.

Әбіқаевтың балаларында ірі бизнес жоқ, жемқорлықпен байланысты басы дауда ешқашан қалмаған, тіпті басқа элита өкілдерімен салыстырғанда олар қарапайым рейсті ұшақтарда эконом класспен ұшады деп жазады отандық басылымдар.

Үлкен ұлы Марат Әбіқаев Қазақстан автомотоспорт федерациясын басқарады.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан оның өз ісін сүйетіні байқалады.

2013 жылы ол Әбу Дабиде болған автожарыста апатқа ұшырап, омыртқасына зақым келген болатын.

Ал 2017 жылдың мамыр айында Марат Нұртайұлы Әбіқаевтың атсалысуымен елімізде, Маңғыстау облысының аумағында ралли-рейд бойынша әлем чемпионаты өтпек.

Айта кетсек, Марат Әбіқаевтың Нұрсұлтан есімді ұлы бар.

Сенат депутатының екінші ұлы Сергей Нұртайұлы Нұртаев былтыр Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Осыған дейін ол Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметін атқарып келген.

Сергей Нұртаев жұбайы Екатерина Нұртаевамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.

Нұртай Әбіқаевтың кенжесі – Әлия Әбіқаева туралы ақпарат ғаламторда мүлде аз.

Дегенмен, Әлия Әбіқаева-Тизенгаузен есімі сурет өнері мамандарының арасында кеңінен танымал. Осы жылдың шілде айында өнертанушының «Өнердегі Орта Азия, кеңестік ориентализмнен жаңа республикаларға» атты зерттеу кітабы жарық көрді деп жазады Buro 24/7 басылымы. Сондай-ақ басылым Әлия Әбіқаева-Тизенгаузеннің еңбегінен үзіндіні аударып басты.

Әлия Әбіқаеваға Тизенгаузен тегі қайдан жабысып жүр? Бұл сұрақтың жауабын оның жолдасы Алексей Тизенгаузен отандық бизнес басылымға берген бір сұхбатында ашып айтады.

«Менің Қазақстанмен қандай байланысым бар екенін көпшілігі біледі деп ойлаймын. Менің жұбайым Әлия Қазақстанда туып-өскен. Мен мұнда жылына екі-үш рет келіп тұрамын. Ол – өнертанушы, бізді тек неке емес, өнерге деген махаббат қосып отыр», - деген еді Алексей Тизенгаузен.

Алексей Тизенгаузен Ұлыбританиядағы CHRISTIE’S орыс көркемөнері халықаралық департаментінің басшысы.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды (фото)

20 жылдан соң анасымен қауышқан қыз көрермендерді жылатты

Гүлен: ІІІ дүниежүзілік соғыс басталып кете ме деп алаңдаймын

АҚШ халқы Дональд Трамптың президент болатынын әлі мойындамай отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316227-oz-isterininh-sheberi-senator-nurtay-ab.html