RU

20 жылдан соң анасымен қауышқан қыз көрермендерді жылатты

Өмірде адам айтса сенбейтін түрлі жағдайлар болып жатады. Астанада өлдіге саналған қыз бала 20 жылдан кейін анасымен қауышып отыр. Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Біздің үй» бағдарламасынан көрсетілді деп хабарлайды korrespondent.kz.

Анықталғандай 1995 жылдың ақпанында 34 жастағы Шолпан есімді келіншек алтыншы перзентін небәрі алты айлық мерзімінде дүниеге әкеледі. Туғанынан мүмкіндігі шектеулі қыз үш ай бойы вакуумда өмір сүріпті. Ал үш айдан кейін емхана қызметкерлері нәрестенің бақилыққа аттанғанын айтқан. Тіпті, жерлеу рәсімін де өздерінің өткізетінін айтып, ата-ананы шығарып салған. Жанаргүлден бөлек 5 баланы тәрбиелеп отырған ата-ана оның қай жерде және қалай жерленгенін де сұрамаған. Абдырап қалған болса керек-ті, жылаған күйі емханадан шығып кете барған.

«Перзентханада 20 күндей жаттым. Одан кейін бізді сол жерден алып, зерттеу институтына апарды. Баламды алып қалды. Мен сол жерде жүрдім, ол жақта да вакуумда жатыр еді. Үш айға дейін көрдім. Дәрілерін апарып жүрдім. Жағдайы нашар, аяғы буынсыз деп айтқан болатын. Күнде барып, қараймын да кетемін. Үш айға дейін тірі еді. Бір жолы барғанымда «баламды алып кетейін» дедім, маған бермеді. Ал күндердің күнінде оның қайтыс болғанын айтты», – дейді Шолпан Дүйсенбайқызы.

Шолпанның алтыншы перзентінің бүгінде аты-жөні тура анасынікімен бірдей. Ол балалар үйінде тәрбиеленген. Ата-анасы алғашқыда оған Жанаргүл деп есім бергенімен, балалар үйіне қабылданған кезде қызметкерлер оны анасының аты-жөнімен тіркепті. Алайда кішкентай ғана мүгедек қызды кімнің және не үшін анасынан айырып, балалар үйіне өткізгені бүгінде белгісіз. Үш жасқа дейін Екібастұз балалар үйінде, одан кейін Астанадағы психоневрологиялық диспансерде болған Жанаргүл 20 жасында отбасымен қауышып отыр. Бүгінде оның анасы, аға-әпкелері бар. Ал әкесі, өкінішке қарай, өмірден озып кеткен.

20 жыл бұрын бір-бірінен айырылып қалған ана мен баланы Махаббат Манаева есімді азамат табыстырған.

«Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақмола медицина университетінің кафедрасында жұмыс атқарып жүрдім. Сол кезде бірнеше топ студенттерді басқарып, еріктілермен бірге сонда барып жүрдік. Ол жердегі ойымыз мүмкіншілігі шектеулі балалар мен студенттер көп жұмыс атқарсын дедік. Бәрінен бұрын Шолпанның тарихы жанымызға батты. Шолпанның анасы бар ма, жоқ па, білмедік. «Бар болса, тапсақ» деген ойда болдық. 5 жыл іздедік. Ақпаратты жинау өте қиын болды», – деді ол.

Ал балалар үйінде тәрбиеленген Шолпан анасы мен отбасын тапқанына қуанышты. Алғаш көргенде Шолпан Дүйсенбайқызын ол бірден «мама» деп атапты.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда сыңсу айтып ұзатылған 55 жастағы әйел бақытын қалай тапты? (фото)

Бүркіт пен Аиша хан сарайындай үш қабатты зәулім үйін көрсетіп мақтанды (фото)

Семейде қатты боранға байланысты оқушылардың сабағы тоқтатылды

Еліміздің дзюдошылары халықаралық турнирде 10 медаль алды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Алматылық бойжеткен өзіне қол салмақ болған жігітті ажалдан арашалап қалды (видео)

Атақты миллиардер шалқып өмір сүргісі келетіндерге өз ақылын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316269-20-zhyldan-sonh-anasymen-qauyshqan-qyz-bala.html