RU

Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 15-17 қараша аралығында ауа температурасы түнде -5-тен -15 градусқа дейін төмендейді деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батысында қар жауып, кей жерлерде күшті шығыс желі және боран болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5-тен -15ºС аязға дейін төмендеуі күтілуде», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Синоптиктердің хабарлауынша, Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарынан суық антициклонның келуінен ауа температурасының төмендеуі тек солтүстік облыстарда ғана емес, республиканың оңтүстігінде де күтілуде.

Антициклонның әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде түнгі ауа температурасы -20-дан -27 градусқа дейін, кей жерлерде -30 градусқа дейін төмендеп, аяз болуы мүмкін.

Сонымен қатар, 15 қарашадан бастап Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар тоқтайды, ал еліміздің шығысында жауын-шашын болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

20 жылдан соң анасымен қауышқан қыз көрермендерді жылатты

Месси тізесіне дейін тату салғызып тастады (фото)

Павлодарлық боксшы қыз ауыр соққысымен ресейліктерді таң қалдырды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316320-qazaqstanda-30-gradusqa-deyin-ayaz-bolad.html