RU

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды (фото)

Қарағандыдағы Саран шахтасында қаза тапқан кеншілердің денелері 14 қараша күні жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды 31 арна. 

Осыдан үш күн бұрын шахтада тозығы жеткен трос үзіліп, 12 кенші болған көлік төменге құлап, үш адам бақилық болған еді. Ал ауыр зардап шегіп, ауруханаға түскен бес адамның бірі бір күн өткен соң көз жұмған.

Қазір дәрігерлердің бақылауындағы төрт кеншінің жағдайлары тәуір бола бастағанымен, ауруханадан жақын күндері шықпайды дейді мамандар.

Ал қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтайтын арнайы комиссияның жұмысы он күнге жалғасады. Әзірге Саран шахтасындағы апатқа, қауіпсіздік шараларының дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Істің ақ-қарасына жету үшін прокуратура өкілдері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Ал қайтыс болған төрт кеншінің жақындарына 10 жылдық жалақы көлемінде ақша беріліп, өзге де көмектер көрсетілетін болады.

Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға азаматтардың жақындары мен бірге жұмыс істеген кеншілер де келді.

Айтуларынша, сол күні 12 кенші болған арнайы көліктің тіркемесі 200 метр биіктікке көтеріліп, кенеттен төменге қарай бір-ақ құлаған. Әріптестері «апат тежегіштің істемей қалуынан да болуы мүмкін», - дейді.

"Феррит" деп аталатын көлікке адамдарды таситын вагон тіркеледі. Арнайы көліктің артқы жағында тежегіш болады. Сол тежегіш жұмыс істемей қалып, тіркеме құлап кетті деп естідік. Бірақ ол әлі белгісіз. Комиссия жұмыс істеп жатыр", - дейді «Саран» шахтасының кеншісі Сергей Белський.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

Қостанайлық қыз 7 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып алды

Месси тізесіне дейін тату салғызып тастады (фото)

Павлодарлық боксшы қыз ауыр соққысымен ресейліктерді таң қалдырды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316422-qaraghandydaghy-saran-shakhtasynda-qaza.html