RU

АҚШ халқы Дональд Трамптың президент болатынын әлі мойындамай отыр

АҚШ халқының бір бөлігі Дональд Трамптың президент болатынын әлі мойындамай отыр деп хабарлайды 31 арна.

Жалпы саны жүз мыңдай адам 3 күннен бері "Трамп біздің президент емес!" деген ұранмен Лос-Анджелес, Окленд, Филадельфия, Денвер, Нью-Йорк, Вашингтон мен Портленд қалаларында жаппай қарсылық білдіріп жатыр.

"Трамп, кет!", "Біз - халықтың дауысымыз" деген жазулары бар плакат ұстап мыңдаған халық Нью-Йорк көшелеріне шықты. Қарсылық білдіріп жатқандар жаңа сайланған президент халықтың бостандығы мен азаматтық позициясына қауіп төндіреді деген ойда.

Демонстранттардан қауіптенген тәртіп сақшылары, тіпті магнат тұратын "Трамп тауэр" ғимаратын адам өтпейтіндей етіп қоршап тастаған.

Лос-Анджелес қаласының тұрғындары да наразылықтарын ашық білдірді. Бас көтергендердің көбі - жастар. Митинг кейбір қалаларда бейбіт өткен жоқ. Портлендте жиналғандар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, көліктердің терезелерін сындырып, қоқыс жәшіктерін өртеген.

Полиция демонстранттарды тыныштандыру үшін рәзіңке оқ пен көзді ашытатын газ пайдалануға мәжбүр болған. Билік мұндай бас көтерулер заңсыз екенін ескертіп, полиция ондаған адамды ұстап әкеткен.

Өз кезегінде Дональд Трамп бас көтергендерге өзінен қорықпауды әрі сайлау нәтижесін мойындауды сұрады. Сондай-ақ, ол жылына 400 мың доллар көлеміндегі АҚШ президентінің айлығын өзі үшін 1 долларға дейін төмендететінін айтты.

Себебі түсінкті, Трамп ақшаға мұқтаж емес. "Forbes" журналының мәліметі бойынша оның қаржысы $3,7 млрд доллардан асады.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

Қостанайлық қыз 7 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып алды

Месси тізесіне дейін тату салғызып тастады (фото)

Павлодарлық боксшы қыз ауыр соққысымен ресейліктерді таң қалдырды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316433-aqsh-khalqy-donald-tramptynh-prezident.html