RU

Гүлен: ІІІ дүниежүзілік соғыс басталып кете ме деп алаңдаймын

Түрік ойшылы, философ Фетуллах Гүлен Сирия, Таяу Шығыс, Түркия, Күрт және ДАИШ мәселелері жайлы "Регнум" тілшісінің сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды qamshy.kz.

- Түркияның Сирия мен Таяу шығыс саясатына қалай қарайсыз? Түрия-Ресей қатынастары тұрғысынан аймақтың болашағын қалай болжайсыз?

- Таяу Шығыс пен Түркиядағы оқиғаларға қарасақ, III Дүниежүзілік соғыс тұтана ма деп алаңдаймын. Өйткені барлық нәрсені пайда мен мүдде тұрғысынан бағалайтын әрі сол пайдаларды өзара бөлісе алмайтын әлемде ортақ мәселеде келісу өте қиын.

Сирияда бастапқыда демократия лебі есіп, негізгі адам құқы мен еркіндігін іздеген бір қозғалыс басталды. Алайда, Сирия шындықтар мен халықаралық келісімдерге көз жұмып, сыртқы күштердің араласуымен, өкініштісі, тұйыққа тірелді.

Проблеманы өз орнында шешпегендіктен, ол ұлғайып, жараға айналды. Сөйтіп халқының саны жиырма миллион елдегі проблема қазір бүкіл әлемнің проблемасына айналды.

3-дүниежүзілік соғысқа жол беретін болса, әлемнің жартысы демде-ақ жоқ болады

АҚШ-тың рөл ойнағанындай, Ресей де бір тепе-теңдікті ұстап тұрған күш ретінде рөл ойнайтын болады. Бұл елдердің осы мәселеде бір үстелдің айналасына отырып, диалогқа баруы өте маңызды. 3-дүниежүзілік соғысқа жол беретін болса, әлемнің жартысы демде-ақ жоқ болады.

Алла сақтасын, Бертранд Руссель былай дейді: «1-дүниежүзілік соғыста мынау болды. 2-дүниежүзілік соғыста анау болды. Егер 3-дүниежүзілік соғыс тұтанса, өлгендер қабір құшады, ал өлтіргендердің өзі оңбай, жансақтау бөліміне түседі». Осы себепті соңына дейін дипломатияға жүгінген жөн.

Тағы оқыңыздар:

Түймебаев жол бойында дәретханалардың жоқтығына күйінді (фото)

Қостанайлық қыз 7 жыл бұрын тастап кеткен анасын тауып алды

Месси тізесіне дейін тату салғызып тастады (фото)

Павлодарлық боксшы қыз ауыр соққысымен ресейліктерді таң қалдырды

Тамақ үшін жастарды жалаңаштандырған "АДК" халықтан кешірім сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316443-gulen-iii-duniezhuzilik-soghys-bastaly.html