RU

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов қоғамдағы әділетсіздіктер туралы өз пікірін білдіріп, премьер-министр, депутат, әкімдерді бастық емес, халықтың қызметкерлері деді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы арнасының "Өткір тіл" бағдарламасында айтылды.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік проблемаларға назар аударған ол заңды белден басу мәселелесіне де тоқталып өтті.

"Біз қазір бір ауданның әкіміне барып, адам құсап, сол елдің мұң-мұқтажын айта алмаймыз. Айта алсақ та, ол оны елемейді де. Халықты, қарапайым адамдарды мал құрлы санамайтын дәрежеге жеттік. Төрт-бес адамды көшеде мыжып өлтірген адам ертеңінде көшеде аман есен жүреді", - деді ол.

Ринат Facebook желісінде өзінің атын жамылып, ел арасына іріткі салып жүрген желі қолданушысына да тоқталып өтті. Айтуынша, Қанат Исламның жұбайын әсіре діншіл деп айыптаған ол желі қолданушысының кесірінен қытай қазақтары Ринатқа келіп өкпе-реніштерін де жеткізген екен.

"Біздің ата-заңымызда Қазақстанның негізгі билігі халықта, қалғанының бәрі атқарушы билік деп жазылған. Демек, премьер-министр, депутат, облыстың әкімі барлығы халықтың қызметкерлері. Бастығымыз емес. Осының ара-жігін ажыратып алу керек", - деді Ринат.

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

Қарағандыдағы шахтада қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды (фото)

20 жылдан соң анасымен қауышқан қыз көрермендерді жылатты

Гүлен: ІІІ дүниежүзілік соғыс басталып кете ме деп алаңдаймын

АҚШ халқы Дональд Трамптың президент болатынын әлі мойындамай отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316573-rinat-zayytov-shendininh-bari-bastyq-em.html