RU

Қазақстандағы балалар байқауы әйгілі MTV-дің конкурсын артта қалдырды

13 қараша күні еліміздегі ең үлкен балалар байқауы мәресіне жетті. Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры ұсынған "Бала дауысы" ұлттық музыкалық байқауы өз жеңімпаздарын анықтады.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Ерте көктемде бастау алып, еліміздің 14 облысы мен 2 қаласындағы өнерлі таланттарды іздеген кәсіби әншілер бұл күні жас таланттардың жұлдызын жақты. Әр өңірден іріктелген талантты әншілер бір ай бойы "Жұлдызды үйде" тұрып, музыкалық қабілеттерін одан әрі арттырды.

Қарашаның 12-13 күндері Республика сарайында "Бала дауысы" фестивалінің финалдық бәсекесі мен гала-концерті өтіп, еліміздегі ең жас жұлдыздардың есімі анықталды.

Шыны керек, байқаудың ұйымдастырылу дәрежесі өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір баланың әні үшін сахна ерекше безендіріліп, жұлдызды тәлімгерлерімен ән салған жас таланттар бұл кештен ерекше әсер алып қайтты. Тіпті, байқаудың ұйымдастырылу деңгейін әйгілі MTV телеарнасындағы байқаулардан асып кетті деп айтқандар да табылды.

Бір тәулік бойы дауыс берген көрермендер Толқын Забированың тәлімгерлігімен ән салған Мария Затварницкая мен Мерхат Жылқыбаевтың дуэтін үздік деп таныды. Олар байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алып, Әлия Назарбаевның қоры ұсынған керемет сыйлыққа ие болды. Яғни, Мария мен Мерхатқа Сингапурдегі Диснейлендте қыдыру мүмкіндігі туып тұр.

Бірінші орынды "Шымкент" триосы, екінші орынды Маңғыстау облысының намысын қорғаған "Каспийдің толқындары" триосы, ал үшінші орынды Ақтөбе облысының атынан келген Айым Ұзақбаева жеңіп алды.

Тағы оқыңыздар:

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Назарбаевтың суреті бейнеленген 25 мың теңгелік купюра айналымға шығуы мүмкін

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Қызылордалық ана балаларын ажалдан арашалап, өзі қаза болды (фото)

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316672-qazaqstandaghy-balalar-bayqauy-aygil.html