RU

Пәкістанда күндіз дені сау балалар күн батқанда адам айтса нанғысыз күйге түседі (фото)

Пәкістанда тұратын ағайынды Абдул Рашид пен Шоайб Ахмед өте сирек кездестін құпия аурудың зардабын тартуда деп хабарлайды mediadum.com порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Абдулдың жасы тоғызда болса, ағасы Ахмедтің жасы 13-те. Ағайындылар күндіз дені сау адам секілді жүрсе, күн батқанда олар адам айтса сенгісіз күйге түседі. Олар айналасында не болып жатқанын естіп тұрса да, сөйлей алмай, толығымен сал болып қалады.

Әкесі ұлдарын күннің көзінен қуат алатынын айтып, "күннің балалары" деп атап кеткен. Бір таң қаларлығы балалар күндіздің өзінде қараңғы жерде өздерін өте жақсы сезінеді, тіпті жаңбырлы күндері күнді бұлт жауып тұрса да, олар өзге адамдар секілді тіршілігін жасай береді. Тек кеш батса болды, беймәлім күйден арыла алмайды.

Қазіргі кезде бұл ерекше құбылысқа Пәкістан университетінің медицина докторы Джавед Акрам зерттеу жүргізіп жатыр.

«Біз шын мәнінде не болып жатқанын анықтауға міндеттіміз. Біздің мамандар неге бұл балалар күндіз ел қатарлы жүріп, ал кеш батқанда бүкіл күшінен айырылып, тіпті көзін аша алмайтын дәрежеге жетуінің себебін анықтауға тырысып жатыр", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Назарбаевтың суреті бейнеленген 25 мың теңгелік купюра айналымға шығуы мүмкін

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Қызылордалық ана балаларын ажалдан арашалап, өзі қаза болды (фото)

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316694-pakistanda-kundiz-deni-sau-balalar-ku.html