RU

"Жігіттер" тобының әншісі әкесінің туған күнінде бүкіл өңірге көкпар жасап берді (фото, видео)

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов әкесінің туған күнінде көкпар ұйымдастырып, бүкіл ОҚО-ға дүркіретіп той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Әкесінің 60 жасқа толы, анасының зейнетке шығуына орай Түлкібаста дүркіретіп той жасаған Әбдірайымовтер отбасы өңірдің игі жақсыларын тегіс жинады.

Олар шаңырақтарындағы бұл айтулы мерекеге орай көкпар ұйымдастырып, ОҚО палуандары мен жүйріктерін шақырды.

"ОҚО палуандары мен жуйріктері жиналып жатыр. Ат ақсамай, палуандар жарақат алмай аман-есен өткізіп алсақ!", - деп жазды ол желідегі парақшасына.

Салтанатты мейрамханадағы тойдың арты көкпарға ұласты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ұлықпан Жолдасов та анасының 90 жасқа толу мерейтойын атап өтіп, дүйім жұртты риза еткен еді.

Тағы оқыңыздар:

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Назарбаевтың суреті бейнеленген 25 мың теңгелік купюра айналымға шығуы мүмкін

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Қызылордалық ана балаларын ажалдан арашалап, өзі қаза болды (фото)

Алматы облысында үш ағайындыны атып өлтірмес бұрын әбден азаптаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316791-zhigitter-tobynynh-anshisi-akesininh-tugh.html