RU

ШҚО-да 8 жастағы тағы бір қыз бала педофилдің құрбаны болды

Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қаласында 30 жастағы ер адам 8 жастағы қыз баланы зорлаған деп хабарлайды Timeskz.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ

Бірнеше рет сотталған ер адам жәбір көрген қыз баланың анасымен таныс болған. Балақайдың отбасы қаладағы жағдайы төмен отбасының бірі болып саналған.

Қылмыстық оқиға 10 қараша күні кезекті мерекелік отырыстан кейін анасы ұйықтап қалған уақытта болған.

Ал ер адам осы сәтті пайдаланып, кішкентай қыз баланы тәтті сатып алып беремін деп алдап, оны елсіз жерге апарып, зорлаған.

Баланың ащы даусын кездейсоқ өтіп бара жатқандар естіп, педофилді қолға түсірген. Оқиғадан кейін есеңгіреп қалған қыз бала бірден ауруханаға жеткізілген. Абырой болғанда ол аман қалды.

"Кәмелетке толмаған қыз балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген айыппен күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Зырян аудандық ІІБ-нен.

Бұл бап бойынша, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін, Зырян ауданында жоғалып кеткен 8 жасар Виктория Тойкеневаның өлі денесі иесіз тұрған қиранды үйден табылған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Ақтөбелік саясаткер ешкімге айтпаған президент туралы сырларын жайып салды (фото)

ОҚО-да қызының өліміне сене алмай отырған ата-ана құдаларын сотқа берді

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Пәкістанда күндіз дені сау балалар күн батқанда адам айтса нанғысыз күйге түседі (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316888-shqo-da-8-zhastaghy-taghy-bir-qyz-bala-pedof.html