RU

8 баланы дүниеге әкелген "супер келіншек" порнофильмге түсуде

Америкалық Надя Сулейман 33 жасында 14 баланың анасы атанды. Соңғы рет ол 8 баланы бірден дүниеге әкелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап.

Ол өзіне әйгілі Анджелина Джолиді үлгі тұтады.

1996 жылы алғаш рет тұрмысқа шыққан ол 4 жылдан кейін бала көтере алмағандықтан ажырасып тынады. Надя жасанды ұрықтандыру жолымен бала сүйгісі келген, алайда күйеуі оған қарсы болыпты.

Ажырасқан соң Надя осы жолмен 2001 жылы өзінің тұңғышын дүниеге әкеледі. Мұнымен тоқтамай ол тағы да 5 баланы жасанды ұрықтандыру арқылы туып алады. Ал 2009 жылы ол бірден сегіз баланы дүниеге әкеледі.

Надяны жұрт «октомама» деп атап кеткен. Оның танымалдылығы артып, телефизиялық шоуларға жиі қатысып тұрады.

Әрине, жалғызбасты анаға осынша көп баланы асырау оңайға түспесі анық. Қарызданып кеткен ол бір жолы баспанасынан айырылып қала жаздайды. Осыдан соң Надя үлкендерге арналған фильмге түсіп ақша табудың жолына түседі.

Ол фильмге түсу үшін арнайы дайындалып барды. Фитнеске қатысады, солярийге барды. Сөйтіп дене сымбатын қалпына келтірді.

Алғаш түскен порнофильмі «Үйде жалғыз қалған Октомама» деп аталды. Фильм табысты болып шығып, тіпті марапатқа ие болды.

Надяның бұл әрекеті әйелдер арасында түсініспеушілік туғызды. Сүлейманның жеке блогына түрлі жағымсыз пікірлер келіп түсті. Арасында оны "супер келіншек" деп атап, оның 14 баланы жалғыз асырап қана қоймай, өз сымбатына да көңіл бөлетініне тамсанатын жандар да табылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316894-8-balany-birden-duniege-akelgen-super-k.html