RU

Астанада Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мыңдық банкнот таныстырылды (фото)

Ұлттық Банк Тұңғыш президент күніне орай 2016 жылғы 1 желтоқсанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіш банкнотты айналысқа шығарады. Бұл жөнінде Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен конференцияда сөз сөйлеген кезде мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Тәуелсіздік тарихы елбасының жеке басымен тікелей байланысты, сондықтан да Ұлттық Банк Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және президентіміздің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін мерейтойлық банкнотты ұсынып отыр», - дейді Ақышев.

«Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады, оның пікіріне құлақ асып, онымен санасады. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы бүкіл жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты», - дейді Ұлттық Банк төрағасы.

Оның айтуынша, «егемендік алу, мемлекеттік рәміздерді бекіту, нарықтық экономикаға көшу және халықаралық қоғамдастықта танылу – мемлекет басшысы бастаған жолдың басындағы қажырлы еңбектің бір бөлігі ғана».

Ол «банкноттарда портреттерді бейнелеу жаңалық емес. Бұл – елдің өміріне аса маңызды үлес қосқан тұлғалардың бейнесін орналастыру арқылы мемлекеттілік идеясын көрсетудің ең жарқын, әдеттегі әрі түсінікті формасы» екендігін атап өтті. «Нельсон Мандела, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және басқа да әлемдік деңгейдегі көшбасшылар елдерінің қазіргі заманғы купюраларында бейнеленген».

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнесі бар бұл банкнот осы қатарда өзінің лайықты орнын алады деп сенемін», – деді Ақышев ҚРҰБ-ның жаңа мерейтойлық өнімін таныстыру барысында.

Ол президенттің өзі 1993 жылы Қазақстанның ұлттық валютасы қалыптасқан кезде алғашқы банкноттардың дизайнын айқындағанын атап өтті.

«Бұл функция мемлекет басшысының айрықша құзыреті ретінде қалып отыр», - деді Ұлттық Банктің төрағасы.

Сонымен қатар Ұлттық Банк төрағасы Қазақстанның 25 жылдығына арналған ескерткіш монетаныь да таныстырды.

Тағы оқыңыздар:

Сенатор Нұртай Әбіқаевтың балалары жайлы не білеміз? (фото)

Ақтөбелік саясаткер ешкімге айтпаған президент туралы сырларын жайып салды (фото)

ОҚО-да қызының өліміне сене алмай отырған ата-ана құдаларын сотқа берді

Ринат Зайытов: Премьер-министр мен депутаттар бізге бастық емес

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Пәкістанда күндіз дені сау балалар күн батқанда адам айтса нанғысыз күйге түседі (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1316927-astanada-nazarbaevtynh-sureti-beynel.html