RU

Қазақстанда алты түрме жабылып қалды

Қазақстанда алты колония жабылды, деп хабарлайды ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы.

«Сотталушылар санының айтарлықтай кемуіне байланысты (соңы бес жылда 30 пайызға) ІІМ бастамасы бойынша үкіметтің қаулысымен жақында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алты мекемесі таратылды: екі мекеме Шығыс Қазақстан аймағында және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бірден», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

«Бұл мекемелер 50-60 жылдары барақ түрінде салынған мекемелер, оларды жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қаржы жұмсау қажет және халықаралық стандартқа сай келмейді. Мәселен, осы жылдың маусым айында Қарағанды облысы Қаражал қаласында орналасқан (Қарағандыдан 380 шақырым) Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемесі таратылды», — деп хабарлайды комитет өкілдері.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317229-qazaqstanda-alty-turme-zhabylyp-qaldy.html