RU

Дариға Назарбаеваның жұлдызды "егізі" табылды (фото)

Желіде Celebslike.me атты қызық қосымша пайда болды. Фотоңызды сараптап, сізден айнымайтын жұлдызды "егізіңізді" тауып беретін бұл қосымша арқылы қазақстандық саясаткерлердің "егіздерін" іздеп көрдік.

Сонымен, Дариға Назарбаева америкалық актриса әрі әнші Гретхен Уилсоннан айнымайтын болып шықты.

Астана әкімі Әсет Исекешев филиппиндік актер Вика Соттоға ұқсайды екен.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин комедия актері Бадди Хакеттен айнымайды.

Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің жұлдызды "егізі" - Говард Коселл.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек америкалық актер Брайан Тиге ұқсайды.

«Астана ЭКСПО — 2017» басшысы Ахметжан Есімов қытайлық әрі америкалық кинорежиссер Джон Вудан айнымайды.

Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің жұлдызды "егізі" - Брайан Грейзер.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов америкалық актер Ричард Карннан айнымайды екен.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық актер Чао Ли Чиге ұқсайтын болып шықты.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317270-darigha-nazarbaevanynh-zhuldyzdy-egizi.html