RU

Ақтауда параға түркімен кілемін алмақ болған шенеуніктер ұятқа қалды

Ақтауда "Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" мемлекеттік мекеменің мамандарына қатысты сот шешімі шықты. Олардың ақшалай және түркімен кілемі түрінде пара алғаны расталды деп хабарлайды Ақтау қалалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қылмыстық іс материалдарында сотталушылардың бірі қасақана, арам ниетпен KABUL NIKOLOZ LTD ЖШС директорынан түркімен кілемі түрінде пара алғаны анықталған.

Бұл үшін ол Жаңаөзен-Ақтау тасжолында жүктерді еш кедергісіз тасымалдауға мүмкіндік алып, мемлекеттік қызметкердің қолдауына ие болатын болған.

Оның қылмыстық әрекеттері мұнымен бітпеген.

Ол өз әріптесі, яғни екінші сотталушымен бірге осы ЖШС директорынан тағы 300 мың теңге көлемінде пара алған. Ол да еш кедергісіз жүктерді тасымалдау үшін берілген.

Көп уақыт өтпей, екі сотталушыны да құқық қорғау органдары құрықтады. Нәтижесінде, сот шешімі бойынша екі сотталушы да өмір бойы мемлекеттік қызметке тұра алмайтын болды. Бірі жеті жарым, ал екіншісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317334-aqtauda-paragha-turkimen-kilemin-alma.html