RU

Мұхамедиұлы өзін төсекке сүйреді деп айыптаған актрисамен соттасып жатыр

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына 2016 жылы қазанда алымсақтық жасады деген айып тағылды. Еңлік Сыдықова ведомство басшысын пара сұрады және сексуалды алымсақтық жасады деп кінәлады. Бұл туралы Sputnik - Қазақстан хабарлайды.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның адвокаты Искандер Әлімбаев министрді алымсақтық жасады деп айыптап, ғаламторда бейнеүндеу таратқан азаматша Еңлік Сыдықованы сотқа берді. Бірақ шенеунік пен адвокаттың сөзіне сүйенсек, қыз айтқан сөздерінің жалған екенін мойындап кешірім сұраса, арызды кері қайтарып алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро Мұхамедиұлына қарсы айыптауларды тексеруде. Бұдан бұрын, 9 қазанда Youtube желісінде өзін Жүргенов атындағы өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықовамын деп таныстырып, Арыстанбек Мұхамедиұлын алымсақтық жасады деп айыптаған қыздың бейнеүндеуі пайда болды.

Ғаламторда тарап кеткен бейнеүндеуде Сыдықова ҚазҰӨА 2011-2015 жылдары "музыкалды театр актрисасы" мамандығы бойынша оқығандығын айтты. Ол ЖОО түсуге шешім қабылдағанымен, қабылдау емтиханына кешігіп қалған екен.

"Заңгердің айтқан сөздерін растаймын. Шынымен де сотқа арыз бердім, өйткені бір ай бойы үндемей отыра берсем, заң бойынша айыптауларды мойындаған болып шығамын. Әзірше Сыдықовадан басқадай мәлімдемелер түскен жоқ. Кешірім сұрап үндеу жолдайтын шығар деп үміттенген едім. Шынымды айтсам, әйел баласымен соттасқым келмейді. Бірақ заң бойынша мұндай жағдайда өзімді қорғамасам болмайды", — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.

Бұл айыптауларға қарсы дәлел ретінде министр мен студенттің кездесуі мүмкін еместігі айтылып отыр – Е. Сыдықова мәлімдемесі бойынша ректормен кездесуіне ҚазҰӨА түспекші болып, емтиханға кешігіп келуі себеп болған. Алайда, БАҚ жарияланған деректерге сәйкес Сыдықова 2011 жылы академияға оқуға түспеген.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317441-mukhamediuly-ozin-tosekke-suyredi-dep.html