RU

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Қызылорданың удай мас тұрғыны бейтаныс адаммен көшеде сөзге келісіп, іші мен кеудесіне бірнеше мәрте пышақ салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жолай кездескен адамды өлтіргені үшін Қызылорда тұрғыны 11 жыл бойы ерекше тәртіпті түзету колониясында жазасын өтейді деп хабарлады Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Сотталушы таныстарымен бірге ішімдік ішіп тұрған. Сол сәтте жолай өтіп бара жатқан адам олардан шылым сұрайды. Ер адам мен бір топ жігіттер арасында қақтығыс туындап, соңы төбелеске ұласады. Бейтаныс адам жолдастарының бірін ұрып жатқанын көрген сотталушы оның іші мен оң жақ өкпе тұсына бірнеше мәрте ас үй пышағын салған. Ауыр жарақаты салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмды", — деді ведомство баспасөз қызметінде.

Сотталушы 2011 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылға сотталған екен. Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, ер адам "қасақана кісі өлтірді" деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317499-qyzylorda-turghyny-beytanys-zhandy-ayas.html