Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Пластик ыдыстағы су адамның гормондарын бұзады

Опубликовано:

Түркияның пайдалы әрі дұрыс тамақтану саласының маманы, профессор, доктор Кенан Демиркол пластмасса ыдыстардағы су мен тағамдардың денсаулыққа қауіпті екенін анықтады деп жазады ihsan.kz.

Полиэтилентерефталат өнімінен жасалынатын пластмасса ыдыстардағы зиянды заттар суға араласады. Әсіресе пластмассаны жұмсарту үшін қолданылатын антимонит деп аталатын ауыр металл да сумен араласқа түседі. Осылайша пластмасса ыдыстан су ішкен адам осы зиянды заттарды да ішкен болады. Ал бұлар бізге қандай залал тигізуі мүмкін? Бұлар гормондарды бұзатын элементтер.

Бұл ыдыстағы суларды тұтынғанда ағзаңызда гормоналдық бұзушылық пайда болады. Мәселен, солардың бірі эстрогеннің әсерінен туындайтын гормоналдық бұзушылық . Яғни, бұл 5 жастағы қыздың етеккір көруіне себеп болады. Люлебургаз (Түркия) қаласынан екі жарым жастағы бір қызды алып келді. Етеккірі келген екен. Екі жарым жаста.

Профессордың айтуынша, 19 литрлік пластикалық судың ыдыстары поликарбонат деп аталатын бір пластмасса, ал бұл Бисфенол-А деп аталатын шикізаттан өндіріледі. «Ал Бисфенол-А-ның сүт безі рагына шалдықтыратыны 1930 жылдан бері белгілі. Бұған қатысты 130 ғылыми мақала жарияланған.

"Бисфенол-А аяғы ауыр әйелдің қарнындағы баланың миындағы жыныстық ажырату орталығына барғанда баланың гомосексуал болу мүмкіндігін арттырады. Ал еркектерде бұл зат простатит рагына шалдығу мүмкіндігін үш есеге арттырады", – дейді профессор Кенан Демиркол.

Ал Түркия денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау интитутына қарасты қоршаған орта денсаулығы департаментінің башысы доктор Хусейн Илтер пластмасса ыдыстардағы сулардың табиғи болмайтындығын ескертіп, су құбыры жүйесіндегі (крандағы) суларды пайдалануға кеңес берді. Осыған байланысты арнайы зерттеу жұмыстарын да жүргізгенін тілге тиек етті Илтер.

Тағы оқыңыздар:

Ақмола облысында ауыл тұрғыны үйіне жете алмай үсіп қалды

АҚШ-та исламға қарсы жігіт хиджабтағы қызды өртемек болған

Ресейдің Экономика министрі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Оралда бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп қалды

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1317528-ghalymdar-plastik-ydystaghy-su-adamnynh/

pixel