RU

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Қытайдың Шаньси провинциясында бизнесмен қол астындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады. Кәсіпкер жоспарды орындамаған қызметкерлерін осылайша жазалаған деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға Ханьчжун қаласындағы бизнес орталықтардың бірінде орын алды. Компания басшысы 60 жас қызметкерін бір бөлмеге жинап, алдарына бір шелек құрт әкелген. Жыбырлаған жәндіктерді жеуге ыңғайлы болу үшін таяқшалар, саптыаяқ пен бірнеше бөтелке байцзю (алкогольді сусын) де қойған.

Қызметкерлер жіберіп алған әр клиент үшін төрт құрттан жеген, тек жүкті әйел ғана мұндай «астан» бас тартыпты.

Кейін сату бөлімінің басшысы қарамағындағы қызметкерлерін жеке-жеке шақырып, оларға дернәсіл мен алкоголь араласқан қоспаны ішуді ұсынған. Фирма директорының айтуынша, бәрі ерікті түрде болған, жұмысшылар мұндай жазаға өздері келісім беріпті. Тек жүкті әйел ғана бас тартқан.

Елдің Еңбек кодексінің 88-бабында жұмыс беруші тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған әр жұмысшыға өтемақы төлеу қарастырылған. Алайда Қытайда адамды қорлау оқиғалары жиі болып жатады.

Тағы да оқыңыздар: 

Астанада Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мыңдық банкнот таныстырылды (фото)

Дариға Назарбаеваның жұлдызды "егізі" табылды (фото)

Ақтау жаңажылдық безендіруге 19 млн теңге жұмсамақ

Мұхамедиұлы өзін төсекке сүйреді деп айыптаған актрисамен соттасып жатыр

Маңғыстау облысында 8-сынып оқушысы үш баланы өрттен құтқарып қалды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317765-biznesmen-qaramaghyndaghy-qyzmetkerle.html