RU

Жаңа Зеландиядағы жойқын жер сілкінісіне қазақ студенттері де куә болған (фото)

Күні кеше жойқын жер сілкінісі тіркелген Жаңа Зеландияда отандастарымыз да болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Аралдарға білімін арттыру курстарына кеткен студенттердің аздап қорқып қалғаны болмаса, дін аман.

Күші 8 баллдық жер дүмпуі дүйсенбі түні аралдың астан кестеңін шығарған. Жүздеген үй опырылып, тас жолдар ойылып қалды. Артынша тағы 6 балдан асатын күшпен қозғалған жер мұхитты жағалай орналасқан маңайдағы басқа да аралдарға әсер еткен.

Әзірге, 2 адамның қаза тапқаны айтылуда. Екеуі де жергілікті тұрғын. 1200 турист қауіпсіз жерге көшірілген. Жақын күндері Жаңа Зеландия оларды өз елдеріне қайтармақ.

Апаттан аса ауыр зардап шеккен - Каикаура аймағы. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар киттерді тамашалауға келеді екен.

Жойқын зілзалаға қазақ студенттері де куә болған. Құдай сақтап, шетелде оқып жүрген қандастарымыз жер асты дүмпуі ошағынан қашық аралда қоныстаныпты.

"Сабақ оқып отырғанбыз. Терезе, есік қозғала бастады. Ата-аналарымызға аман екенімізді айттық", - дейді студент Ерназ Қазиев.

Тағы оқыңыздар:

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Көліктің газ шығаратын түтігін жаппақ болған азамат жұртты күлкіге қарық қылды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1317796-zhanha-zelandiyadadaghy-zhoyqyn-zher-silki.html