RU

Павлодарда туған қызын аяусыз ұрып-соққан әйел күйеуінен жиі таяқ жегенін айтып ақталды

Павлодарда туған қызын аяусыз ұрып-соққан Нұргүл Докуованы аналық құқынан айыруға қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды КТК арнасы.

Алғашқы процеске қорғаушысыз, бірақ туыстарымен келген келіншек сотқа бұрынғы күйеуінен жиі таяқ жегенін жеткізіп, өзін ата-ана құқынана айырмауды өтінді.

34 жастағы Докуованың айтуынша, бұған бұрынғы күйеуінің туыстары арандатқан. Сондай-ақ, кезінде күйеуімнен таяқ жедім деген келіншек, ол да балаға қол көтереді деген уәж келтірді. Ал оның бұрынғы күйеуінің адвокаты болса, кішкентай Айлинді әкесі бағуы тиіс деп отыр. Себебі, бүлдіршін осы уақытқа дейін анасын бір рет те сұрамаған. Яғни, оны ұмытқысы келеді екен.

Еске сала кетсек, үш жасар қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда шу шығарған. Оқиғадан соң, қалалық білім бөлімі Докуованы аналық құқынан айыру туралы арыз түсірген болатын. Сондай-ақ, балаға көрсеткен қатыгездігі үшін қозғалған қылмыстық іспен полиция айналысуда.

"Бала үш аптадан бері анасын бірде бір рет іздеген емес. Яғни, ол өзімен болған сол жайтты ұмытқысы келетін сияқты. Ал анасы оны көргісі келетінін айтып, балабақшаға да келгісі келді. Бірақ,Айлиннің әкесі бұған келіспеді. Ол сұмдық оқиғадан кейін қызын өзі тәрбиелеп, бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырғысы келеді", - дейді Ермұрат Қасымовтың адвокаты Гүлбақыт Бежанова.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318026-pavlodarda-tughan-qyzyn-ayausyz-uryp.html