RU

Әлем валюталарында ел президенттерінің суреті қаншалықты жиі кездеседі?

Әлем валюталарында ел президенттерінің суреті қаншалықты жиі кездесетінін 24.kz сайты анықтауға тырысты.

Мұстафа Кемаль Ататүріктің суреті Түркиядағы барлық банкнот бетінде бар. Өйткені алғашқы президент ретінде ол еліне аянбай тер төкті. Сәйкесінше «ақшадағы бейне – ұлы тұлғаға көрсетілген өзіндік құрмет», - дейді жергілікті тұрғындар.

"Мұстафа Кемаль Ататүрікті халық мақтан тұтады. Ол тәуелсіздігіміз үшін тер төкті. Ұлы қайраткер және ұлы қолбасшы. Сондықтан 5 лирадан бастап, 200 лираға дейінгі барлық төл ақшамызда оның бейнесі бар", - дейді Түркия тұрғыны Неджметтин Улуман.

Бұған қоса бірінші президенттің бейнесі Малайзия, Сингапур, АҚШ сияқты елдерде бар. Мәселен, соңғысындағы Джордж Вашингтон құрлықтық армияны басқарып, ұлы державаның негізін қалаған. Қазір оған ел астанасының аты және 1 доллар ортасындағы құрметті орын бұйырған.

"Құны төмен болғанымен, 1 долларлық купюралар өзіме ыстық көрінеді. Өйткені оның бетінде Америкадағы демократияның негізін салушының бейнесі бар", - дейді Нью-Йорк тұрғыны Рафаэль Емпси.

Сонымен қатар малайзиялық рингиттен тағы да алғашқы президент Туанку Абдул Рахманның суретін кездестіруге болады. Ал үндістандықтар үшін 15 тамыздың орны ерекше. Өйткені біраз жыл ағылшындардың отарында болып келген ел ақыры тәуелсіздігін алды. Ал оған тікелей себеп болған Махатма Гандидің бейнесі қазір жергілікті ақшалардан кездесіруге болады.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318071-alem-valyutalarynda-el-prezidentteri.html