RU

Премьерден сын естіген Исекешов іске бел шеше кірісті

Үкімет отырысында премьер-министрден ескерту алған Астана әкімі қаланы қардан тазартуға бел шеше кірісті деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ, Арқаның сарышұнақ аязы сынбай тұр. Таңда сынап бағанасы -28 градустан асқан соң мектептерде сабақ тоқтады. Бүгін Астанада 1 мен 4-ші сынып оқушылары мектепке барған жоқ. Себебі талап бойынша, ауа температурасы -25 градусттан асса балалар сабақ оқымайды.

Ал -30 градусты көрсетсе 11-ші сынып оқушылары мен 1-ші, 2-ші курстар үйлерінде отырады. Жалпы, білім басқармасы таңғы 6-да «Қазгидрометтен» хабарлама алып таратып отырады екен.

Ертең де аяздың сынбайтынын ескерсек, ұл-қыздар сабақтан тағы қалуы мүмкін. Ал Елорда әкімдігі сыннан кейін көшелерді күні-түні қардан тазартып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318092-premerden-syn-estigen-isekeshov-iske.html