RU

Педофилдерге 2018 жылдан бастап химиялық кастрация қолданылады

Қазақстанның бас прокуроры әлемде 2 минут сайын бір баланың зорлық көріп жатқанын айтуда. Бүлдіршіндермен жыныстық қатынасқа барғандарға 2018 жылдан бастап химиялық кастрация қолданылады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Бас прокурор Жақып Асанов қазақстандықтарға үндеу жасады:

"Прокуратура туралы" заңның 25-2 бабын басшылыққа алып, келесі үндеу жасаймын. Әлемде 2 минут сайын 1 бала жыныстық зорлық-зомбылық көреді. Әрбір үшінші қыз 18-ге толғанша осындай жыныстық тиісуге ұшырайды. Бұл ғаламдық проблема. Онымен барлық мемлекеттер күресуде", - дейді Жақып Асанов.

Қылмыстық жағдайды әлем жаңалықтарынан бастаған бас прокурор Қазақстандағы жағдайды да баяндайды.

"Қазақстанда биыл 183 бала қылмыскерлердің құрбаны болды. Өткен жылдан әлдеқайда аз. Бірақ, құрғақ санмен өлшеу орынсыз. Әрбір жағдай – қоғам үшін үлкен трагедия, отбасына түскен қайғы-қасірет, баланың жанына салынған жазылмас жара. Биылғы жылы мұндай қылмысы үшін 111 адам сотталды. Аузынан ана сүті кеппеген баланы зорлау – нағыз азғындық. Мұндай қылмыс жасағандарды мемлекет аяусыз жазалайды - 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру", - дейді прокурор.

Прокурор мұндай қылмыспен сотталғандардың жазасы жеңілдетілмейтінін айтады. Сотталғандар уақытынан бұрын босатылмайды, амнистияға жатпайды, олармен ешқандай процестік келісім жасалмайды. Жаза мерзімін толық өтейді. Мұндай қылмыскерлер балалармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылады.

"2018 жылғы 1 қаңтардан бастап химиялық кастрация қолданылмақ. Бұл дегеніміз қылмыскерлерді арнайы дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүрлейді. Құқықтық статистика комитетінің infopublic.pravstat.kz сайтында педофилдардың картасы іске қосылды. Онда олардың фотосуреті мен анкетасы бар. Бұл сервисті кез-келген адам еркін пайдалана алады. Көп жағдайда қылмыскерлердің арам ниетін жүзеге асыруға негізгі себеп – ересектердің мұқиятсыздығы. Санасы толық бекімеген, әр нәрсеге сенгіш, көнгіш жас бала сырттан келер қауіпті қайдан білсін? Сондықтан қараусыз қалған бүлдіршін – қылмыскерге оңай олжа", - дейді Жақып Асанов.

Прокурор ата-аналардылардың балалар өмірі үшін сақтық шараларын күшейтуін сұрады.

"Біріншіден, әрбір ата-ана сақ болуы қажет. Қай жерде болмасын баланы үнемі бақылауда ұстаңыз. Екіншіден, жеткіншектер қорлықты көбіне танысы, тіпті жақыны, әкесі, ағасы сияқты адамдардан көреді. Балаға тиісу, алдау, күштеу әрекетін көрсеңіз, дереу 102-ге хабарласып, шара қолданыңыз. Үшіншіден, кейде болған істі айтпаймыз, жасырамыз, ұят болады дейміз. Бұл дұрыс емес. Онымен қылмыстың жасырын, созылмалы түрге айналуына көмектесеміз. Сондықтан балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз. Бірден құқық қорғау органына хабарлаңыз. Төртіншіден, баланың араласып жүрген ортасы қандай, қай жерлерге жиі барады, интернетте кіммен дос, қандай сайттарда отыратынын байқап жүріңіз. Бесіншіден, қауіпті жағдайда не істеу керектігін балаға түсіндіріп үйреткен жөн. Ондай ақпаратты интернеттен және жақын арада іске қосылатын «Прокурордың 100 кеңесі» деген мобильдік қосымшадан алуға болады. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін тек мемлекеттің шаралары жеткіліксіз. Оған әрқайсымыз жеке және бүкіл қоғам болып қарсы тұрайық", - дейді прокурор.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318098-buldirshindermen-zhynystyq-qatynasqa.html