RU

Трамптың жеңісіне көңілі толмаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек

Дональд Трамптың жеңісін мойындамаған АҚШ халқы сайлау жүйесін түбегейлі өзгертуді талап етпек деп хабарлайды Астана арнасы.

Мұндай ұстанымдағы америкалықтар қатары артып келеді. Бүгінде петицияға 500 мыңдай адам қол қойып үлгерген. Бұл жөнінде The Independent газеті жазады. Заң жүзінде бұл көрсеткіш қарсылықты ресми түрде қарауға жеткілікті. Құжат авторы Майкл Баердың айтуынша, сайлау нәтижесіне халық ықпал ете алмайды.

Бірінші кезекте сайлаушылар коллегиясынан құтылу керек дейді. Еске салсақ, таяуда өткен президент сайлауында Дональд Трамп сайлаушылардың 297, ал Хиллари Клинтон 218 дауысын жинаған. Десе де, Дональд Трамп халық наразылығына мән бермей, командаластарын іріктеумен айналысып жатыр. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесіп те үлгерген.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318212-aqsh-khalqy-saylau-zhuyesin-tubegeyli-oz.html