RU

Алматыда 32 жастағы әйел 15 жезөкшені күштеп, құлдықта ұстаған

Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы талқандалды. Тәртіп сақшылары тексеріске шығып, бір түнде жеңіл жүрісті 16 келіншекті қолға түсірген деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Жезөкшелер Жетісу ауданында бұқпантайлапты. Оларға 32 жастағы әйел жеңгетайлық жасап, ақшаларын алып отырған. Полицейлер құрықтағандардың арасында жеңгетайдың көмекшісі де бар.

Тәртіп сақшылары тұтқындаған жеңгетай мен оның көмекшісі қазір уақытша тергеу изоляторында. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің айтуынша, қос күдікті 16 жезөкшенің 15-ін күштеп, құлдықта ұстаған.

"Жеңгетайлықпен айналысқан, 84-ші жылғы әйел азаматшасы және оның көмекшісі 90-шы жылы туылған, екеуі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 309-шы бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасу үстінде", - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Молдовада ресейшіл кандидат президент болып сайланды

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

БҚО-да сегіз жасар баланы мас күйде қағып өлтірген тұрғын жазасын алды

Қызылорда тұрғыны бейтаныс жанды аяусыз пышақтап өлтірді

Бизнесмен қарамағындағы қызметкерлерін құрт жегізіп қорлады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318248-almatyda-32-zhastaghy-ayel-15-zhezoksheni-kush.html