RU

Ақтауда ер адам балабақшаға баса көктеп кіріп, бүлдіршіндерді қырып саламын деп қорқытқан

Ақтауда балабақшаға баса-көктеп кіріп, «бүлдіршіндерді қырып саламын» деп қорқытқан азаматтың қолындағысы қару емес, темір микрофон болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның үстіне көптің зәресін алған 32 жастағы жергілікті тұрғын сол сәтте мас болған. Енді өзі бұл қадамға не үшін барғанын түсіндіре алмай отыр. 15 қараша күні шаһардағы бөбекжайдың біріне ентіге кірген ер азамат ондағыларды түгел жайратамын деп қолындағы белгісіз затты оңды-солды сермеп, жұрттың зәре құтын қашырған.

Артынша күзетшімен жағаласып, ақыры өзі қашып кеткен еді. Көп ұзамай бұзақыны тәртіп сақшылары сол маңдағы үйінен ұстап әкелді. Тентектің психикалық ауытқуы болуы да мүмкін деп топшылайды полицейлер. Қазір бүкіл күштік құрылымды аяғына тік тұрғызған жігіттің ақыл-есінің дұрыс-бұрыстығы тексеріліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Ресей шенеуніктердің балаларына шетелде оқуына заңмен тыйым салмақшы

Ет жақынынан айырылғандар дастарханды неліктен жайнатып қояды?

Еліміздің басым бөлігінде тұман мен бұрқасын болады

Алматы облысында 70 жастағы 9 баланың анасы адам сенгісіз қиын жағдайда өмір сүруде (фото)

Шымкентте жойқын жарылыс болып, бір адам үйінді астында қалып қойды

Алматыда 32 жастағы әйел 15 жезөкшені күштеп, құлдықта ұстаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1318322-aqtauda-er-adam-balabaqshagha-basa-kokt.html